РФ ұшақтары бір тәуліктің ішінде Сирияда ДАИШ-тың 10 нысанына соққы жасады

© РИА Новости

Ресейлік ұшақтар 20 рет ұшып, Сирияда ДАИШ ұйымының 10 нысанына әуе соққысын жасады, нәтижесінде лаңкестердің инфрақұрылымына зақым келді, - деп хабарлайды РИА Новости Ресей федерациясының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен тәуліктерде Су-34, Су-24м және Су-25 ұшақтары 20 рет ұшты. ДАИШ-тың 10 нысанына соққы жасалды", - делінген хабарламада.

РФ Қарулы күштерінің Бас штабының бағалауынша, соққылардың нәтижесінде лаңкестік ұйымның басқару және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін бұзу мүмкін болды, сонымен қатар, Сирия мен Ирак территориясында теракт жасау дайындығына қолданылыпжатқан инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келді.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Ресейдің әскери әуе күштері 30 қыркүйекте Сирияда бірінші әуе соққысын жасаған болатын. Әуе соққысы Хомс қаласының маңында жасалды, бұл аймақты үкіметтік әскердің бақылауға алғаны белгілі. Бұл өңірде ДАИШ содырлары, сонымен қатар, оппозициялық әскери құрылымдар орналасқан. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама