Рим Папасы ауруханаға түсті

Дина Шарипханова Корреспондент
Рим Папасы ауруханаға түсті Фото:instagram.com/franciscus

Рим Папасы Франциск ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Рим Папасы Франциск ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Понтифик тыныс алу жолының инфекциясына шалдыққан. Ватикан бұл Covid-19 індеті емес деп мәлімдеді.

Бір күн бұрын Франциск тыныс алуы қиындағанын айтып шағымданған. Католик шіркеуінің басшысы ауруханада бірнеше күн емделеді. Ватикан осы аптада жоспарланған барлық іс-шара мен кездесуді кейінге шегерді.

Жарнама
Жарнама

86 жастағы діндардың денсаулығында кінәрат көп. Екі жыл бұрын оның асқазанына операция жасалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама