16 қазан 2022 13:25

Рим Папасы халықаралық ұйымдарда реформалар жүргізу керек екенін айтты

Ақорданың баспасөз қызметі

Рим Папасы Франциск "Иеміздің атынан сұраймын. Болашаққа деген үмітпен он дұға" атты кітабында халықаралық ұйымдарды, соның ішінде, БҰҰ-ны реформалау қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі La Stampa-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"БҰҰ XX ғасырдағы екі соғыста адамзат басынан өткерген сұмдықтарды жоққа шығаруға арналған Жарғы негізінде құрылды. <...> Бүгінгі әлем бұрынғыдай емес, бұл институттарды жаңа шындыққа сәйкес келетіндей етіп қайта қарау қажет", - деді понтифик.

Рим Папасы, сондай-ақ, Украинадағы қақтығыс "көпжақты құрылымның қақтығыстарды шешудің икемді және тиімді жолдарын табу қаншалықты қажет екенін" тағы бір рет көрсеткенін айтты.

Реклама
Реклама

Понтификтің кітабы 18 қазанда жарыққа шығады деп жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram