31 шілде 2022 | 08:46

Рим Папасы отставкаға кетеді

Фото: Reuters

Рим Папасы Франциск денсаулығына байланысты қызметінен кететінін растады. Бірақ алдымен өзі баруға уәде берген елдерге, оның ішінде Қазақстанға барғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аciafrica басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Рим Папасы Франциск денсаулығына байланысты қызметінен кететінін растады. Бірақ алдымен өзі баруға уәде берген елдерге, оның ішінде Қазақстанға барғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аciafrica басылымына сілтеме жасап.

85 жастағы Франциск тізесін жарақаттап алып, қозғалысы қиындаған. Осыған байланысты егер денсаулығы шіркеуді басқаруға кедергі келтірсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтты.

"Менің ойымша, осынша жасымда және осындай денсаулықпен шіркеуге қызмет ете алу үшін өзімді күтуім керек немесе орнымды босату туралы шешім қабылдауым керек", - деді журналистерге Католик шіркеуінің басшысы.

Реклама
Реклама

Ол кетер алдында әлі де баруға уәде еткен елдерге: Оңтүстік Суданға, Конго Демократиялық Республикасына, Ливанға және Қазақстанға барғысы келетінін айтты.

"Менің ерік-жігерім бар, бірақ аяғым қалай болатынын бақылауым керек",- деді Рим Папасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная