Румынияда екі ұшақтың әуеде соқтығысқан видеосы жарияланды

Румынияда екі ұшақтың әуеде соқтығысқан видеосы жарияланды видеодан үзінді

Румынияның Сучава уезінде екі жеңілмлмоторлы ұшақ соқтығысты. Әуе апаты салдарынан бір ұшқыш қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости

"Сенбіде Сучава уезінің Фрэтэуць Векь пунтінде жаттығу кезінде екі жеңілмлмоторлы ұшақ әуеде соқтығысты. Салдарынан бір ұшқыш қаза тапты", - делінген Agerpres агенттігінің хабарламасында. 

 

Реклама
Реклама

 

Әуе апатынан кейін екі ұшақта ұшып-қону жолағынан біршама алыс жерге құлаған. 

"Екі ұшқышта бұғатталып қалған, олардың бірі есінен танып қалған, кейін оның қайтыс болғаны хабарланды. Екінші ұшқыш ұшақтың кабинасынан шығарылды және оған алғашқы көмек көрсетілді", - делінген Agerpres хабарламасында. 

Екінші ұшқышты тікұшақпен Яссы қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылданған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама