19 қараша 2021 | 09:10

Саакашвили есінен танып қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: РИА Новости.

Бір айдан аса уақыт аштық жариялаған Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили түрмеде есінен танып қалды. Бұл туралы саясаткердің адвокаттарының бірі Бека Басилая хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Sputnik Грузия" Telegram арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бір айдан аса уақыт аштық жариялаған Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили түрмеде есінен танып қалды. Бұл туралы саясаткердің адвокаттарының бірі Бека Басилая хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Sputnik Грузия" Telegram арнасына сілтеме жасап.

"Миша адвокаттармен кездесуден кейін шығып, тайып, құлады. Осыдан кейін мен оның дауысын естімедім, көзін ашпады. Олар зембіл әкеліп, алып кетті. Қазір жағдайы қалай екенін білмеймін. Бұл 10 минут бұрын болған. Бұған дейін өзін өте нашар сезінді", - деді адвокат Бека Басилая.

Кейінірек Саакашвилидің жансақтау бөлімінде екені белгілі болды, оның жағдайы қалыпқа келді.

Реклама
Реклама

"Саакашвилидің жағдайы қалыпты күйде, тыныс алу параметрлері қалыпты. Жансақтау шараларын жасадық, бірақ қазір бәрі тұрақты. Қажет талдаулар алынды, нәтижелері туралы кейінірек хабарлаймыз", - деді реаниматолог.

Ол Михаил Саакашвили неге есінен танғанын айтпады. Бұған дейін Жоғарғы Рада адам құқықтары жөніндегі уәкілі Людмила Денисова грузин дәрігерлерінен Михаил Саакашвилидің денсаулығының нашарлағаны туралы ақпарат алғанын айтқаны жөнінде хабарланды. Омбудсмен желіде дәрігерлер кеңесінің мүшесі Нино Шарашенидзе саясаткердің қан құсуына байланысты Грузия билігіне жүгінгенін жазды.

Еске салайық, Саакашвили Грузияда 1 қазанда ұсталды. Бұған дейін Грузияда оны банкир Сандро Гиргвлианиді өлтірді, депутат Валерий Гелашвилиді ұрды деген айыптаулармен сырттай соттады. Бірінші оқиғада Саакашвили үш жылға, екінші жағдайда алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол 2007 жылғы 7 қарашадағы оппозициялық митингті тарату, "Имеди" телекомпаниясының бағдарламасы және мемлекеттік бюджеттен қаражат жұмсау туралы істермен айналысты деген күдікке ілінді, бұл істерді сот әлі де қарастырып жатыр.

Грузия билігі Саакашвилиді босатудан бас тартты. Премьер-министр Ираклий Гарибашвили экс-президент ұзақ уақыт түрмеде отыратынын, мерзімін өтейтінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная