ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2021 | 10:51
Саакашвилидің анасы ұлына қарсы айыптаулар бұрмаланғанын мәлімдеді
Грузияның экс-президенті және Украинаның Ұлттық реформалар кеңесінің атқарушы комитетінің басшысы Михаил Саакашвилидің анасы Гиули Аласания ұлына қатысты істер бұрмаланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Гиули Аласания ұлымен бір нәрсе болса, бұл Грузия билігіне де кері әсерін тигізеді деп санайды.
"Мен оған қарсы қанша қылмыстық іс барын да білмеймін. Бірақ олардың бәрі басынан аяғына дейін бұрмаланған. Бұл оның Грузияда жүре алмауы үшін әдейі жасалып отыр. Бірақ бұл билікке де жақсы ештеңе бермейді. Құдай сақтасын, ұлыма бір нәрсе болса, оларға да жаман болады деп ойлаймын. Мен үшін ана ретінде, әрине, бірінші кезекте ұлымның аман-саулығы. Мен қатты уайымдап жүрмін. Оқиға қалай жалғасын табарын көрейік", - деді Аласания "Украина 24" телеарнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, Саакашвили Грузияда 1 қазанда ұсталды, ол бірнеше қылмыстық іс бойынша айыпталып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также