24 наурыз 2014 16:33

Саакашвилиге іздеу жариялауы мүмкін

Михаил Саакашвили. Фото ©REUTERS

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили бас прокуратураның тергеуіне келмесе, оған іздеу жариялауы мүмкін, деп хабарлайды "Газета.Ru" Грузияның премьер-министрі Ираклия Гарибашвилидің айтуынша, Саакашвили де "қарапайым азамат", оған да прокуратураның "ауыр істерге" байланысты сауалдары бар. Грузияның бас прокуратурасы бұрынғы президентін он қылмыстық іске байланысты куәгер ретінде шақырып отыр. Бұл қылмыстық істердің бірі 2005 жылы Грузияның премьер-министрі Зураб Жванидің өліміне байланысты қозғалған. Айта кетейік, Михаил Саакашвили Грузия аймағынан тыста жүр. Оны бүгінде американың Тафтс университеті лекция оқуға шақырған. Ал, 2013 жылдың желтоқсанында ол Киевке оппозициялық топтың шеруіне қатысуға ат басын бұрған. Сондай-ақ онымен бірге Украинаға елді басқарып отырған кездегі жақтастары мен отбасы да келген .

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram