Сайлаушылардың 90 пайызы Каталонияның Испаниядан бөлініп шығуын қолдады

© REUTERS

Референдум?а ?атыс?ан сайлаушыларды? 90 пайызы Каталонияны? Испаниядан б?лінуін ?олдады, - деп хабарлайды Reuters Каталония билігіндегілерге сілтеме жасап.

Референдумға қатысқан сайлаушылардың 90 пайызы Каталонияның Испаниядан бөлінуін қолдады, - деп хабарлайды Reuters Каталония билігіндегілерге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, сайлауға өңірдегі 5,34 миллион тұрғынның 2,26 миллионы қатысқан.

Осыған дейін Каталония басшысы Карлес Пучдемон референдум өткізілген соң Каталонияның Испанияға тәуелді емес екенін және осылайша, каталондықтардың тәуелсіздікке жеткенін мәлімдеген еді.

Реклама
Реклама

"Сондықтан жақын арада референдум нәтижесі референдум жайлы заңға сәйкес шешім шығару Каталония парламентіне жолданады", - деді ол.

Еске сала кетейік, Каталонияда 1 қазанда референдум жүргізіліп, сайлау өткен еді. Бірақ Каталония тәуелсіздігі үшін өтіп жатқан референдум кезінде полициямен қақтығыс салдарынан 38 адам жараланды. Полиция 2 315 учаскенің көп бөлігін бақылауға алған. Ал кейбір учаскелерде құжаттар алынып, полициямен сайлауға келген адамдар арасында қақтығыс болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама