Сальвадорда жалғыз су сиырды зообақта ұрып өлтірген

© keyt.com

Cальвадорды? ?лтты? зооба?ында?ы жал?ыз су сиыр д?йсенбі к?ні ?ліп ?ал?ан, - деп хабарлайды РИА Новости.

Cальвадордың ұлттық зообағындағы жалғыз су сиыр дүйсенбі күні өліп қалған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ел билігінің мәлімдеуі бойынша, өткен аптада зообақ қызметкерлері өз қоршауынан шықпай қойған су сиыр үшін алаңдап оны мал дәрігерлеріне тапсырған. Өз кезегінде дәрігерлер жануардың денесі мен басында көптеген жарақаттарды анықтаған. Өкінішке қарай, дәрігерлер кешіккендіктен су сиырды аман алып қала алмады. 

16 жастағы Густаво Сальвадордағы жалғыз су сиыр болған. Зообаққа келушілер дәл осы жануарды тамашалағанды ұнататын.

Реклама
Реклама

Билік өкілдерінің пайымдауынша, жарақаттар өткір затпен (пышақпен болуы мүмкін) ұрғаннан түскені анық, оның үстіне жарақаттар жануардың ауыз қуысында да болған. Бұл жануардың шабуылдағандардан қорғанған кезде алған жарақаттары болса керек. 

Сонымен қатар, су сиыр тұрған қоршау маңынан темір сынықтары табылған. Ал жануарға деген мұндай қатыгездіктің себебі анықталған жоқ. Бұл жағдайға қатысты зообақтағы күзеті күшейтілді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама