Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастырушы ұсталды. Жедел түсірілім

Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастырушы ұсталды. Жедел түсірілім Аброр Азимов

М?скеу ма?ында?ы Одинцов ауданында Ресейді? Федералды? ?ауіпсіздік ?ызметі Санкт-Петербург метросында теракт ?йымдастырушыларды? бірін ?ста?ан. Ол Орталы? Азияны? тумасы, 26 жаста?ы Аброр Азимов, - деп хабарлайды RT.

Мәскеу маңындағы Одинцов ауданында Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастырушылардың бірін ұстаған. Ол Орталық Азияның тумасы, 26 жастағы Аброр Азимов, - деп хабарлайды RT.

ФҚҚ мәліметінше, ұсталған Азимов терактіні ұйымдастырушы Қырғызстан тумасы Акбаржон Джалиловты дайындаған. Жедел түсірілімнен Азимовтың теміржол бойында ұсталғаны көрінеді.  

Реклама
Реклама

"Не үшін ұсталғаныңызды сезіп тұрсыз ба?", - деп сұрақ қойды қызметкерлердің бірі. "Иә", - деді Азимов. Болжамды лаңкестің ұсталған сәтінде оның қалтасынан қарулы тапанша оғымен, ұялы телефон, оның қорапшасы және қуаттау құрылғысы табылды. 

Ұсталған адам Ресейдің Тергеу комитетіне жеткізілді. 

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербург метросының екі бекетінде жарылыс болған еді - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама