ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2021 | 16:07
Санкт-Петербургте ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының саммиті өтеді
Жаңа жыл қарсаңында Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті өтеді деп жоспарланған. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"28 желтоқсанда Санкт-Петербургте ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді", - деді Көшербаев.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) – бұрын КСРО құрамында болған бірқатар мемлекет арасындағы ынтымақтастық қатынасты реттеуге арналған халықаралық ұйым.
Қазіргі уақытта ТМД-ға Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также