"Санкциялар бәріне әсер етеді". Лукашенко ЕАЭО елдеріне ескерту жасады

© Reuters

Батыс санкцияларының салдары қандай да бір дәрежеде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) барлық еліне әсер етеді. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА сайтына сілтеме жасап.

Батыс санкцияларының салдары қандай да бір дәрежеде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) барлық еліне әсер етеді. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА сайтына сілтеме жасап.

Лукашенконың айтуынша, бұл экономиканың жаһандық сипаты мен Ресей және Беларусь ЕАЭО елдері үшін ірі сауда-экономикалық әріптес болғанына байланысты.

"Сондықтан қол қусырып отыруға болмайды. Мен мұны бәрі өздігінен өтеді, үнсіз отыра беруге болады деп ойлайтындарға айтамын. Біз бірігіп, біртұтас майданда әрекет етуіге міндеттіміз. Егер біз өз мемлекеттілігімізді, одағымызды сақтағымыз келсе және шын мәнінде өз халықтарымыздың игілігін ойласақ, бұл бәріне қажет", - деді Беларусь президенті 27 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Реклама
Реклама

"Біздің отырыс күрделі геосаяси және экономикалық жағдайда өтіп жатыр. Біз валюта-қаржы нарығындағы проблемаларды шеше алдық. Алайда санкциялық қысым әлсіремейді, керісінше күшейеді", - деді Лукашенко.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная