ПОДЕЛИТЬСЯ
19 желтоқсан 2021 | 16:45
Сарапшы: Мұнай бағасы 2022 жылы төмендейді
"Инвестициялар әлемі" БКС қор нарығы бойынша сарапшы Игорь Галактионов "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында, 2022 жылы мұнай бағасы артық жеткізілімге байланысты біртіндеп төмендейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Инвестициялар әлемі" БКС қор нарығы бойынша сарапшы Игорь Галактионов "Прайм" агенттігіне берген сұхбатында, 2022 жылы мұнай бағасы артық жеткізілімге байланысты біртіндеп төмендейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Сарапшы мұнай бағасы 2022 жылдың соңына қарай төмендейді деп болжаған. Алайда оның орташа жылдық құны 2021 жылы тіркелген барреліне 71 доллар деңгейінде қалады. Бұл болжам алдағы күндері мұнай бағасы көтерілмейді деген сенім ұялатады.
Алайда Галактионов мұнай бағасының төмендеуі туралы болжам жасауға асықпауға шақырды. Себебі АҚШ Энергетика министрлігінің 15 желтоқсанда жарияланған мәліметтері күшті сұраныстың сақталуын көрсеткен.
"Мұнай мен мұнай өнімдерінің қорлары қысқаруын жалғастыру үстінде, ал америкалық мұнай өңдеу зауыттарынан апта сайынғы жанармай жеткізілімі тәулігіне рекордтық 23 миллион баррельге жетті", - деді сарапшы.
Сонымен қатар, жағдайға коронавирустың омикрон штамының таралуы және әлемде оған қарсы әрекет әсер етеді.
"Жағдайдың нашарлауы мұнай бағасына кері әсер етіп, аймақта Brent маркалы мұнай баррелінің 70-72 долларға төмендеуіне түрткі болуы мүмкін", - деп түйіндеді ол.
Бұған дейін "Лукойл" мұнай бағасының күрт көтерілу қаупі барын ескерткен болатын. Компанияның вице-президенті Леонид Федун бұл саланы "қатты инвестицияланған" деп атауға болатынын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также