ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 мамыр 2020 13:15
Сарапшылар коронавирустан кейінгі қауіпті атады
Еуропа кеңесінің сарапшылары коронавирус пандемиясынан кейін әлемдегі лаңкес топтар биологиялық қаруды қолдануға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Morgenpost басылымына сілтеме жасап.
Сарапшылар жариялаған құжатта әлемдік қауымдастықтың вирусқа дайын болмағаны жазылған.
"Экстремистерде биологиялық қаруды пайдалану қаупі бар. Бұл "қарапайым" терактілерден гөрі адамдарға және экономикаға көп зиянын тигізуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, баяндамада экстремист топтардың мұндай қаруды сынақтан өткізгені туралы нақтыланған деректер келтірілген.
Осыған байланысты Еуропа кеңесі қауіпке қарсы тұрудың сенімді жоспарын жасауға шақырады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу