Шассиі істен шыққан жолаушылар ұшағының қонған сәті түсірілген видео жарияланды

© Twitter/Latrae L. Rahming ‏

Америкалық пилот алдыңғы шасси тіреуіштері жоқ лайнерді қондырды, - деп хабарлады "Россия 24" телеарнасы.

Багам аралдарында жолаушылар ұшағы апатты жағдайда жерге қонды. Қонар кезде оның алдыңғы шасси тіреуіштері ашылмай қалды. Бұл кезде әуежайдың құтқару қызметі жұмыс істеп жатқан болатын. Пилот өз шеберлігін көрсетіп, ұшақтың тепе-теңдігін сақтап, жылдамдық азайғанша алдыңғы бөліктің ұшу алаңына тиіп кетуіне жол бермеді. 

Реклама
Реклама

От ұшқындап, ұшақ тоқтады. Бортта 93 жолаушы мен экипаждың 4 мүшесі болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Лайнер америкалық JetBlue лоукостеріне тиесілі. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама