13 маусым 2019 | 16:29

Сатып алушылар киімге таласып, төбелес шығарды

видеодан үзінді

Қытайлық шопоголиктер жапондық Uniqlo брендінің жаңа коллекциясы үшін жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды "Лента.ру".  Төбелестің видеосы RT порталының Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытайлық шопоголиктер жапондық Uniqlo брендінің жаңа коллекциясы үшін жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды "Лента.ру".  Төбелестің видеосы RT порталының Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды.

Роликте сатып алушылар дүкен есіктері толық ашылмастан баса көктеп кіріп жатқаны, бір-бірінің қолынан киімдерді жұлып әкетіп жатқаны және манекеннен киімді шешіп жатқаны түсірілген.

Реклама
Реклама

Желі пайдаланушылары Uniqlo лимиттелген коллекциясына қытайлық тұтынушылардың реакциясын таң қалдырды. "Зомби-апокалипсиске ұқсайды", - деді бір пікір қалдырушы. "Бұл барып тұрған надандық. Тіпті Үндістанның өзінде бұл жерге қарағанда жақсырақ", - деді тағы бір коментатор. Алайда пайдаланушылар арасында қытайлықтарды қорғаушылар да табылды. "Содан кейін олар бұл заттарды он есе қымбат сатады. Сондықтан олар есінен адасқандай кейіп танытады. Мен де осылай жасаймын", - деп жауап берді сатып алушыларды ақтаған пәкір қалдырушы. 

Chinese shoppers go insane over Uniqlo's new clothing line collection pic.twitter.com/Sa3fsYdLqK

— RT (@RT_com) June 13, 2019

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная