Сау балалардың ата-аналары мүгедек баланы ойын алаңынан шығарып жіберген

© attractiony.ru

Санкт-Петербургте жеті жасар м?гедек бала бас?а балаларды? ата-анасыны? талабымен парктен кетуге м?жб?р бол?ан, - деп хабарлайды РИА Новости.

Санкт-Петербургте жеті жасар мүгедек бала басқа балалардың ата-анасының талабымен парктен кетуге мәжбүр болған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Осыған байланысты Санкт-Петербургтегі балалар құқығы жөніндегі уәкілетті өкіл Светлана Агапитова қалалық прокуратураға шағымданбақшы.

Балалар құқығы жөніндегі уәкілетті өкілге бұл жағдай туралы баланың анасы айтып берген. Әйелдің айтуынша, ол ұлын батутқа ойнап қайтуға жіберіп, оған қарайлап отырған. Бірде оған парктегілер сәл демала тұруға кеңес берген. Алайда баланы кейін онда кіргізбей қойған. Әкімшінің айтуынша, басқа балалардың ата-аналары олардың балаларының жанында мүгедек баланың ойнап жүруіне қарсы болған.

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, парк әкімшілігі билеттің бағасын қайтарып берсе да, баланың анасы бұл жағдайды кемсітушілік деп отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама