Сауд Арабиясы королі қайтыс болды

Сауд Арабиясының алтыншы королі Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд. ©zet09.livejournal.com

23 қаңтарға қараған түні Сауд Арабиясының алтыншы королі Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд қайтыс болды. Бұл туралы BBC News елдің мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. Қаралы хабар тікелей эфирде жария етілді.

Монарх ауруханада 91-ге қараған шағында қайтыс болды. Бірнеше апта бұрын Абдалла өкпесінің қабынуына байланысты Эр-Рияд ауруханаларының біріне жатқызылған. Соңғы жылдары Сауд Арабиясы королі омыртқасына бірнеше рет операция жасатты.

Дәстүр бойынша енді оның інісі - 79 жастағы Салман ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд Сауд Арабиясының жетінші королі болады. Жаңа монарх тақ мұрагері ретінде корольдіктің министрлер кеңесі басшысының орынбасары қызметін атқаратын Мукрин ханзаданы атады. Ол - қайтыс болған Абдалла корольдің өгей бауыры.

Реклама
Реклама

Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-Сауд таққа 2005 жылдың 1 тамызында отырды. Ол қазіргі замандағы ең егде ел билеушілердің бірі болды. Forbes журналы 2013 жылы оның дәулетін 18 миллиард доллар деп бағалады. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама