Сауд Арабиясы ханшайымы сантехникке зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды

Сауд Арабиясында мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның әпкесі Хасса бинт Салман сантехникке зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сауд Арабиясында мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның әпкесі Хасса бинт Салман сантехникке зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл оқиға 2016 жылы Францияда болған.

Тергеу мәліметінше, ханшайымның оққағары бірнеше сағат бойы сантехникті ұрып-соғып, тізерлеп отырғызып, ханшайымның аяғын сүюге мәжбүрлеген. Ханшайым Хасса бинт Салманның айтуынша, ер адам оны және Париждегі пәтерін рұқсатсыз ұялы телефонына түсірген.

Реклама
Реклама

Ал мемлекеттік айыптаушылар ханшайымның қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады. Сол себепті прокурор оны жарты жылға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде айыппұл салуды талап етіп отыр.

Ал ханшайымның оққағарын шартты түрде сегіз айға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде айыппұл талап етілгені айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама