ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 мамыр 2016 22:11
Сауд Арабиясында күйеуінің ұялы телефонын тексерген әйел сотталатын болды
Сауд Арабиясында күйеуінің ұялы телефонын рұқсатсыз тексерген әйел ұрып-соғу жазасына тартылуы мүмкін немесе тіпті сотталып кетуі мүмкін, - деп хабарлайды The Independent.
Басылымның мәліметінше, мұндай жолмен алынған мәлімет ендігіде заңсыз болып есептеледі. Енді мұндай әрекет жеке өмірге қол сұғушылық ретінде қарастырылады. Заңгер Мохаммад әл-Темиаттың айтуынша, әйелге айып тағылатын болса, ол сот алдына келуі тиіс екен.
"Нақтылап өтейін, бұл мәселе күйеуі мен әйеліне қатысты. Бұл қылмыс "тазир" деп аталады, оның жазасы ұрып-соғу, айыппұл немесе түрмеге қамау. Бұл жаза заң тұрғысында анықталмаған. Сондықтан жаза айыпталушының келтірген шығынына байланысты болады. Ал егер әйел айтарлықтай шығын келтірмесе, оған жаза берілмеуі де мүмкін", - дейді ол.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу