Сауд Арабиясында әйелдерге бала босану әдісін таңдауға рұқсат берілді

viewings icon 1026
comments icon 0

Сауд Арабиясында енді әйелдер ресми түрде ер адамдардан - күйеулерінен, әкелерінен немесе баурыларынан рұқсат алмай-ақ, бала туу әдісін өзі таңдай алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, осылайша әйелдер кесарев тілігі немесе табиға босанғысы келе ме - өзі шешеді. Сондай-ақ, әйелдерге дәрігерден жүктілік қалай өтіп жатқаны және баланың қашан дүниеге келетіні жайлы мәлімет алу үшін қамқоршыларының қол қойған қағазы қажет болмайды.

Реклама
Реклама

Бұдан бөлек Сауд Арабиясы әйелдерінің енді босану кезінде қасында туысы немесе жақын адамы болуы жайлы мәселені өздері қабылдайтын алатыны айтылады.

Мұның алдында ол елдегі әйелдерге стюардесса болып жұмыс істеуге, көлік жүргізуге және футбол матчтарына баруға рұқсат берілгені айтылған еді.

Tengrinews
Мөлдір Қалықова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная