04 ақпан 2022 | 14:20

Сауд Арабиясында вакцинаның үшінші дозасы міндеттелуі мүмкін

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Сауд Арабиясы билігі азаматтарға шетелге шығу үшін COVID-19-ға қарсы қосымша дозаны міндеттеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Khaleej Times-қа сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сауд Арабиясы билігі азаматтарға шетелге шығу үшін COVID-19-ға қарсы қосымша дозаны міндеттеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Khaleej Times-қа сілтеме жасай отырып.

Елдің Ішкі істер министрлігі өкілі бұл шара 9 ақпаннан бастап енгізілетінін мәлімдеді.

Үшіншісін екінші дозаны алғаннан кейін үш ай өткен адамдар салдыра алады. Сауд Арабиясының ресми баспасөз агенттігінің (SPA) мәліметінше, 16 жасқа толмағандарға бұл ереже қолданылмайды. Сондықтан бұл ереже қолданылмайтындарға сапарға шығу үшін қосымша доза міндеттелмейді.

Басылым мәліметінше, билік патшалыққа келгендерді Сауд Арабиясына ұшып келгенге дейін 48 сағат ішінде тапсырылған ПТР-сынаманың теріс нәтижесін көрсетуге міндеттейтін заң қабылдады. Сегіз жасқа дейінгілер талдау тапсыру талабынан босатылады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, COVID-19 тесті оң нәтиже болып шыққан азаматтар патшалық бекіткен вакцинаның қажет дозаларын алса, сынама оң нәтиже көрсеткеніне жеті күн өтсе де, теріс ПТР-сынамасын қажет етпестен, патшалыққа кіре алады.

Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, елде халықтың 90 пайыздан астамы толық вакцина салдырған. Соның ішінде бұл елде AstraZeneca, Pfizer/BioNTech сияқты COVID-19-ға қарсы вакциналар мақұлданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная