Селфи түсірмекші болған қыз бен жігіт суға батып кетті

© КМВ Новости

Бразилияда жас ж?п ??з ?стінде селфи жасама?шы болып, су?а кетті. ?ызды ??т?арып ?ал?ан, алайда оны? жігіті ?айтыс болды. 

Бразилияда жас жұп құз үстінде селфи жасамақшы болып, суға кетті. Қызды құтқарып қалған, алайда оның жігіті қайтыс болды. 

Оқиға 15 сәуірде елдің оңтүстігіндегі Санта-Катарина штатының жағалауында болды. Сан-Паулу қаласынан келген 19 жастағы Аманда Мария Роке және оның ағасы 25 жастағы Леонардо Сантос Санта Мария шамшырақтың жанындағы құзға шыққан. Олар толқынның фонында суретке түспекші болған, - деп хабарлайды Daily Mail.

Реклама
Реклама

Олардың туысы Джефферсон да Консейсао құзға шықпай жағада қалып, оларды видеоға түсіріп тұрған. Бір мезетте толықн ол екеуін тұрған орнынан құлатып, су ағызып кеткен. 

Джефферсон құтқарушыларды шақырған, олар Аманданы аман алып қалып, жағаға шығарған. Ал Леонардоның денесін тек төрт күн өткеннен кейін тапқан. 

Қыз бала ағасының бірден есінен танып қалғанын және бірден суға кете бастағанын айтқан. Ол оның шашынан ұстап қалмақшы болған, алайда толқынның соққысы ұстап тұруға мүмкіндік бермеген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама