02 ақпан 2021 | 09:50

Сенатор Байденнің "Қазақстанды Ресейден бөлу" ниеті туралы айтты

© Reuters

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің әкімшілігі "посткеңестік республикаларды Ресейден бөлу" бойынша жұмыстарға күш салады. Бұл туралы Ресей сенаторы, Федерация Кеңесінің ақпараттық саясат және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы Алексей Пушков "Вечерний Москваға" берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің әкімшілігі "посткеңестік республикаларды Ресейден бөлу" бойынша жұмыстарға күш салады. Бұл туралы Ресей сенаторы, Федерация Кеңесінің ақпараттық саясат және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы Алексей Пушков "Вечерний Москваға" берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист сенатордан былай сұрады: "Украинадағы майдан, Молдовадағы биліктің ауысуы, Грузиядағы батыс режимі және Беларусьтегі наразылықтарды ескере отырып, сізге Ресей "посткеңестік кеңістігін жоғалтып жатқандай" сезілмей ме?"

Реклама
Реклама

Пушков посткеңестік кеңістікте бәсекелестіктің күшейгенімен келісті. "Трампқа бұл аса қызығушылық тудырмаса, онда Байден әкімшілігі посткеңестік республикаларды Ресейден бөлу үшін америкалық күш-жігерді жандандыруға тырысатын сияқты. Әңгіме Беларусь, Өзбекстан, Армения және Қазақстан туралы болып отыр. Олар АҚШ-тың назарында болады", - деп өз көзқарасын білдірді ол.

"Киевпен әскери ынтымақтастық күшейетінін болжауға болады. Украина АҚШ-тан шабуыл қаруын ала алады, оның аумағында АҚШ әскери-теңіз базалары пайда болуы мүмкін. Вашингтон Киевті НАТО-ның бейресми мүшесіне айналдыруға тырысып, батыс әскери құрылымдарына белсенді түрде біріктіреді. Бұл желі біз үшін үлкен сын болады, 2014 жылға дейін Еуропа картасында болған диспозицияны өзгертеді және біздің алдымызға одақтас елдерге ықпалымызды сақтау бойынша сапалы жаңа міндеттер қояды.

Байден кезінде Штаттардың Ресеймен бәсекелестікті посткеңестік кеңістікке көшіру ниеті АҚШ-пен қарым-қатынасымыздың шиеленісуінің жаңа факторы болуы мүмкін. Біз де бұдан қажетті қорытынды жасауымыз керек", - деп атап өтті сыртқы саясат жөніндегі маман.

Алексей Пушков. © Twitter/Alexey_Pushkov

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная