ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қыркүйек 2021 | 14:02
Сербияда америкалық барлаушыдан "Гавана синдромы" анықталды
АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Сербияда қызмет еткен барлау қызметкерін бойында "Гавана синдромына" тән белгілері болуына байланысты эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Сербияда қызмет еткен барлау қызметкерін бойында "Гавана синдромына" тән белгілері болуына байланысты эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ билігі Балқандағы оқиға шетелде жұмыс істейтін америкалық қызметкерлерге шабуылдардың жиілеуінің дәлелі деп санайды.
"АҚШ Гавана синдромына ұқсас неврологиялық ұстамаларға байланысты Сербияда қызмет ететін барлау қызметкерін эвакуациялады", - делінген хабарламада.
Соңғы 60 күнде осындай жағдайлар жиілеп кетті.
Айта кетейік, 2016 жылы Кубада жұмыс істеген ондаған АҚШ дипломаттары бас ауруы, бас айналу, көру қабілетінің нашарлауы және т.б. ауруларға шағымдана бастады. Симптомдар біртүрлі дыбысты естігеннен кейін пайда болған. Көп ұзамай бұл "Гавана синдромы" деп аталды. Ақ үй АҚШ шенеуніктері одан зардап шеккенін мойындап, зардап шеккендерге өтемақы төлеуге шешім қабылдады.
АҚШ барлау агенттіктері шабуылдардың артында Ресей билігі тұруы мүмкін деп болжады. Ресей, Куба және Қытай өкілдері бұл оқиғаға қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также