Шешенстанда тікұшақ құлады

Шешенстанда тікұшақ құлады © РИА Новости / Игорь Агеенко

Шешенстанда ?ар аралас жа?быр жауып т?р?ан уа?ытта тік?ша? ??лады, - деп хабарлайды РИА Новости. ??ірдегі т?тенше жа?дайлар ?ызметіндегі дерекк?з м?ліметінше, екі адам тірі ?ал?ан. Алдын ала болжам бойынша, апат ауа райыны? ?олайсызды?ына байланысты бол?ан. 

Шешенстанда қар аралас жаңбыр жауып тұрған уақытта тікұшақ құлады, - деп хабарлайды РИА Новости. Өңірдегі төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөз мәліметінше, екі адам тірі қалған. Алдын ала болжам бойынша, апат ауа райының қолайсыздығына байланысты болған. 

Шешенстанның оңтүстігінде таулы аймақта екі ел шекарасына жақын маңда Ми-8 тікұшағы құлаған. 

"Әуе апаты шамамен Мәскеу уақыты бойынша 10:59-да болған. Апат болған аймақта ауа райы қолайсыз болып, қар аралас жаңбыр жауған. Болжаммен бес адам қаза тапты, екеуі аман қалған, алайда жарақаттанған", - деді агенттікпен сұхбаттасушы. 

Жарнама
Жарнама

Осыған дейін РИА Новости порталының басқа бір дереккөзі тікұшақ бортында тоғыз адам болғанын хабарлаған айтқан. Оның айтуынша тікұшақ арнайы қызметтердің біріне тиесілі болған. 

Ресми түрде қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама