Сеул "Паразит" фильміндегідей пәтерлерден бас тартуды жоспарлап отыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
"Паразит" фильмінен алынған кадр

Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул билігі адам өлімі жиілеуіне байланысты жартылай жертөледегі пәтерлерден біртіндеп бас тарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі SBS News басылымына сілтеме жасап.

"Оскар" алған "Паразит" фильмінде көрсетілген шағын пәтерлер әдетте табысы төмен адамдарға жалға беріледі.

Басылым мәліметінше, Сеул билігі осы аптадан бастап мұндай үйлерді салуға рұқсат бермейді, бұрын салынған үйлерді кезең-кезеңімен жөндеуден өткізеді.

Реклама
Реклама

Бұл шешім Сеулде болған қатты жаңбырдан кейін қабылданғаны атап өтілді. Себебі, қалада үш күн жауған жаңбырдың арты су тасқынына ұласып, бірнеше адам қаза болған еді.

Шенеуніктер жертөлелердегі тұрғын үйді пайдалануға толық тыйым салу үшін құрылыс туралы заңға өзгеріс енгізу керек екенін, ол үшін үкіметпен кеңесетінін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама