Шанхай тұрғындары локдаунға қарсы наразылық білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Шанхай тұрғындары локдаунға қарсы наразылық білдірді Фото ©REUTERS

Шанхай тұрғындары коронавирусқа байланысты локдаунға наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT сайтына сілтеме жасап.

Шанхай тұрғындары коронавирусқа байланысты локдаунға наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT сайтына сілтеме жасап.

Эпидемияға қарсы шаралар аясында тұрғындарға үйден шығуға тыйым салынған, азық-түлікті еріктілер таратады, бірақ бақылау-өткізу бекеттері маңында наразылық білдірушілер қарасы көп. Сондай-ақ, мегаполис тұрғындары карантинге қарсылық білдіріп, пәтер терезелерінен айғайлап жатыр.

БАҚ мәліметінше, супермаркеттер тоналып, көшелерде көптен шығарылмаған қоқыс үйіліп қалған.

Жарнама
Жарнама

Бұл ретте билік эпидемиологиялық жағдайды негізге ала отырып, бірқатар ауанда карантин шараларын жеңілдетуді көздеп отыр.

Еске салайық, Шанхайда қатаң оқшаулау режимі енгізілген болатын. 28 наурызда қатаң карантин шаралары қаланың шығысына енгізілді, ал 1 сәуірден бастап шектеулер қаланың батыс бөлігіне де әсер етті.

4 сәуірде Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында омикрон штамының жаңа нұсқасы анықталғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама