Шанхайда COVID-19 жұқтырғандар саны тағы көбейіп жатыр

Фото ©REUTERS

Қытайдың ең ірі мегаполисінде COVID-19 инфекциясы көбейіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың ең ірі мегаполисінде COVID-19 инфекциясы көбейіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Шанхай үкіметі симптомсыз коронавирустың 54 жағдайы тіркелгенін хабарлаған. Сонымен қатар, бір күн бұрынғымен салыстырғанда, карантин аймақтарынан тыс жерде үш жаңа жағдай тіркелген.

©REUTERS

Реклама
Реклама

Қалалық денсаулық сақтау комитеті барлық вирус жұқтырған науқас ауруханаға жатқызылғанын немесе арнайы ауруханаларда дәрігерлер бақылауында екенін айтты.

©REUTERS

12 шілдедегі жағдай бойынша вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болған 104 адам және ұзақтан байланысқан 194 адам анықталып, карантинге жіберілген.

©REUTERS

Еске салайық, Шанхайда биыл коронавирус таралуына байланысты қатаң локдаун бірнеше кезең бойынша енгізілген болатын. 28 наурызда шығыс жартысында қатаң карантин шаралары енгізілді, ал 1 сәуірден бастап батыс бөлігінде шектеулер жарияланды.

Сонымен қатар, Қытай әскер, медицина қызметкерлерін елдің ең ірі қаласы мен қаржы орталығына жіберген еді. Қатаң ережелерге байланысты Шанхай тұрғындары наразылық білдірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама