01 ақпан 2022 18:25

Шешесі зообақта аюдың торына лақтырып жіберген үш жасар қыздың жағдайы айтылды

Ташкент зообағының қызметкерлері аюдың торына баласын лақтырған әйел мен оның қызына сыйлық жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ташкент зообағының қызметкерлері аюдың торына баласын лақтырған әйел мен оның қызына сыйлық жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зообақ өкілдері Желіде тарап кеткен бейнежазбаны халық көрсе де, қарсы пікірлер жоқ екенін айтты.

"Зардап шеккен бүлдіршін бүгінде Республикалық жедел медициналық көмек көрсететін ғылыми орталықта емделіп жатыр. Ал аюымыз Зузу оны неге камералар түсіріп жатқаны түсінбей жүр", - деген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мекемеде ауруханаға баланы алып келгеннен кейін, ол хирургия бөліміне орналастырылғанын айтты. Келесі күні бүлдіршін қарқынды терапия палатасына ауыстырылған.

"Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Біз болашақта кішкентай қыз осы оқиғаның салдарынан ешқандай қиындық сезінбеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді дәрігер Собир Насимов.

Зообақтың қызметкерінің сөзіне сүйенсек, қыздың көңіл күйі жақсы.

"Біз оны сыйлықтар беріп қуанттық. Сонымен қатар, оған және оның ағасына Ташкент зообағына тегін кіруге мүмкіндік бердік. Біз кішкентай балақайдың тезірек сауығуын тілейміз", - деп қорытындылады баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұған дейін Ташкент хайуанаттар бағының баспасөз қызметі 28 қаңтарда әйел өз қызын аю қамалған қоршауға лақтырғанын хабарлаған болатын. Аю қызға тиіспеген, бүлдіршін бес метр биіктіктен құлаған. Прокуратура органдары анасына қатысты "Қасақана кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, онда кемінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram