31 қаңтар 2022 | 09:31

Шешесі зообақта өз баласын аюдың торына лақтырып жіберген - видео

Дина Шарипханова Корреспондент
© ExoUzbekistana

Жексенбі, 30 қаңтарда әлеуметтік желіде Ташкент зообағында анасы баласын аю қамалған торға лақтырып жіберген сәт түсірілген видео тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі nuz.uz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жексенбі, 30 қаңтарда әлеуметтік желіде Ташкент зообағында анасы баласын аю қамалған торға лақтырып жіберген сәт түсірілген видео тарап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі nuz.uz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 28 қаңтарда түс ауа болған. Кадрлардан әйел қоршау маңында баласымен біраз уақыт тұрып, кейін оны қалай лақтырып жібергенін көруге болады. Осыдан кейін аң ақырын арыққа түсіп, қызға жақындайды, бірақ оған тиіспейді.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері тез әрекет етіп, жануарды ішкі бөлмеге тартады, ол да бірден кіріп кетеді. Баланы шығарғаннан кейін, оны медбике қарап шыққан. Үш жасар қыз жыртқыштан емес, бес метрге жуық биіктен құлағаннан ғана зардап шеккен.

Реклама
Реклама

Ауруханада қыз дереу барлық қажетті медициналық тексеруден өткені айтылды.

"Ол жеңіл шок жағдайында болды. Биіктен құлағаннан оған ашық бассүйек-ми жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылды. Қазіргі уақытта дәрігерлер бақылауында, жағдайы қанағаттанарлық", - дейді дәрігерлер.

Сурет: Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінен

Өзбекстан Бас прокуратурасы баспасөз қызметі мәліметінше, дерекке қатысты "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная