06 сәуір 2020 | 12:45

Шотландияның денсаулық сақтау министрі карантин ережесін бұзғаны үшін отставкаға кетті

Видеодан алынған кадр

Шотландияның денсаулық сақтау министрі Кэтрин Кэлдервуд елде COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында енгізілген төтенше жағдай режимін бұзғандықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды REUTERS.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шотландияның денсаулық сақтау министрі Кэтрин Кэлдервуд елде COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында енгізілген төтенше жағдай режимін бұзғандықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды REUTERS.

Басылым мәліметінше, отандастарына үйде отыруға кеңес берген денсаулық сақтау министрі қала сыртындағы үйіне демалуға барған. Оны The Scottish Sun басылымының журналистері суретке түсіріп алған. Кейінірек оның төтенше жағдай режимін екі рет бұзғаны анықталған.

Реклама
Реклама

"Жасаған әрекетім үшін қатты өкінемін. Бүгін Шотландияның бірінші министрі Никол Стерджбен телефон арқылы сөйлестім. Біз менің бұл әрекетімнің коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында жұмыс істеп жатқан үкімет мен медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірді деген пікірге келдік", - деді ол мәлімдемесінде отставкаға кететінін айта отырып.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная