17 тамыз 2021 | 15:01

Шри-Ланка денсаулық сақтау министрі жалған ақпарат үшін қызметтен босатылды

Шри-Ланка Денсаулық сақтау министрлігі басшысы COVID-19-ға қарсы "бақсылықты" мақұлдауына байланысты қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі News18 басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шри-Ланка Денсаулық сақтау министрлігі басшысы COVID-19-ға қарсы "бақсылықты" мақұлдауына байланысты қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі News18 басылымына сілтеме жасап.

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса денсаулық сақтау министрі Павитра Ваннараччиді қызметінен босатты, ол COVID-19-бен күресу үшін "бақсылық пен қасиетті суды" көпшілік алдында мақұлдаған.

Ванняраччи қаңтарда бақсыдан алған "қасиетті суды" коронавирус инфекциясынан қорғау үшін көпшілік алдында қолданған. Алайда, ол COVID-19 жұқтырып, емханалардың бірінің жансақтау бөлімінде емделген. Сонымен қатар, Ванняраччи Шри-Ланкадағы COVID-19 эпидемиясын тоқтатуға көмектеседі деп "қасиетті суды" өзенге құйған.

Реклама
Реклама

Ванняраччи басшылығындағы министрлік вирус өршіп тұрғанда дұрыс жұмыс жасамағаны үшін қатты сынға ұшырады.

Ванняраччи үкіметте қалып, Көлік министрлігін басқарады. Президент кеңсесі денсаулық сақтау министрі болып, бұрынғы бұқаралық ақпарат министрі Кехелия Рамбуквела сайланғанын айтты.

Эпидемия кезінде елде вирус жұқтырғандар саны 355 мың болды, 6 096 адам вирусттан қайтыс болды.

Еске салайық, Шри-Ланкада дүйсенбі, 16 тамыздан бастап COVID-19 таралуына байланысты қатаң карантин енгізілген. Тұрғындарға сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін үйлерінен шығуға тыйым салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная