ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2023 | 12:28
Шүменовке қатысты дау: Қырғызстан СІМ мәлімдеме жасады
Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Бейбіт Шүменов пен Қырғызстан азаматының сауда орталығында жаға жыртысуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Бейбіт Шүменов пен Қырғызстан азаматының сауда орталығында жаға жыртысуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Басылым мәліметінше, Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі бұл істі бақылауына алған.
"13 шілдеде жәбірленуші К.А Қазақстандағы Қырғыз Республикасының елшілігіне шақырылды. Ол елші Д.Дюшекеевпен кездесіп, қырғызстандыққа қажет кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары барлық қажет процестік шараны жүргізіп жатыр. Іс министрліктің бақылауында", - делінген СІМ хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді. Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың бірі - қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов.
Кейінірек полиция осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ал ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Астанадағы кафеде ер адаммен төбелескен адам боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады.
Кейін боксшы Бейбіт Шүменов өз әрекетін түсіндірді. Кеше Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Шүменов 5 жылға сотталуы мүмкін екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также