Швеция премьер-министрі сайланғанына бірнеше сағат өткен соң отставкаға кетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Швецияның Социал-демократиялық жұмысшы партиясының жетекшісі Магдалена Андерсон жасылдардың үкіметтен кету туралы шешімінен кейін, елдің премьер-министрі болып сайланғанына бірнеше сағат өткен соң отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Швецияның жаңадан сайланған премьер-министрі Магдалена Андерсон парламенттік дауыс беру кезінде премьер-министр болып сайланғанына бірнеше сағат өткен соң отставкаға кетті", - деді радиостанция.

Сәрсенбіде Швеция Үкіметінің бюджет жобасы швед риксдагында (ел Парламентінде) өткен дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауысқа қол жеткізе алмады, депутаттардың көпшілігі оппозиция ұсынған жобаны қолдады.

Реклама
Реклама

Осыдан кейін Қоршаған ортаны қорғау партиясы Швециядағы азшылық үкіметінен тұратын коалициядан шыққанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная