23 қыркүйек 2020 09:56

Швейцарияда 14 жасөспірімді найзағай ұрды

Фото: GETTY IMAGES

Швейцарияда найзағай ұрған 14 жасөспірім ауруханаға түсті. Бұл туралы Санкт-Галлен кантонының полициясы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швейцарияда найзағай ұрған 14 жасөспірім ауруханаға түсті. Бұл туралы Санкт-Галлен кантонының полициясы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Жасөспірімдер найзағай түскен кезде алаңда футбол ойнап жүріпті.

Реклама
Реклама

"Белгілі ақпаратқа сәйкес, найзағай шам бағанасына тиген. Заряд жерге өтіп, алаңға тараған", - дейді полиция.

Салдарынан екі командадан 15-16 жас аралығындағы 14 жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі ауруханаға тікұшақпен жеткізілген.

Прокуратура мен полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram