Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясының басшысы болып сайланды

©РИА Новости

Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясының басшысы болып үшінші бесжылдық мерзімге сайланды, - деп хабарлайды DW.com.

Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясының басшысы болып үшінші бесжылдық мерзімге сайланды, - деп хабарлайды DW.com.

Қытай Коммунистік партиясының өкілдері бүгін Си Цзиньпинді партияның бас хатшысы етіп, тағы бес жылға ресми түрде қайта сайлады.

Партия оның "негізгі" көшбасшылық ұстанымын мақұлдап, Си Цзиньпиннің саяси көзқарасын Қытайдың болашағына ықпал ету үшін конституциялық өзгерістерді мақұлдады.

Реклама
Реклама

Си Цзиньпин бұл мәлімдемеден кейін Бейжіңдегі Халық мәжіліс залында партия мүшелеріне алғыс айтты.

"Мен партия мүшелеріне маған көрсеткен сенімі үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді", - деді.

Айта кетейік, 23 қазанда пленум Орталық Комитет Саяси бюросы мен Тұрақты комитетінің жаңа құрамын тағайындады. 69 жастағы Си Цзиньпин Қытай басшылығының қазіргі екі мерзімді шектеулерге қарамастан, үшінші бес жылдық мерзімге бекітілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама