Си Цзиньпин қытайлық сарбаздарды соғысқа дайын болуға шақырды

Фото: РИА Новости

Қытай әскері соғысқа назар аударып, жоғары дайындықты қамтамасыз етуі керек. Бұл сөздерді ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Гуандун провинциясындағы әскери базаға барғанда теңіз жаяу әскерінің корпусына қаратып айтты, - деп хабарлайды РИА Новости Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек Си Цзиньпин әскерилерден адал, сенімді және мінсіз болуды талап етті.

"Сіздер соғысқа баруға дайын болу үшін ақыл мен күшіңізді жинап, барынша сақ болуыңыз керек", - деп келтірді төрағаның сөзін телеарна.

Реклама
Реклама

Си Цзиньпин теңіз жаяу әскері корпусын қытайлық армияның таңдаулы бөлімшесі деп атап, елдің егемендігін, қауіпсіздігін, территориясы мен мүддесін қорғауға шақырылғанын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама