Си Цзиньпин үшінші мерзімге ҚХР басшысы болып қайта сайланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Си Цзиньпин үшінші мерзімге ҚХР басшысы болып қайта сайланды

Жалпықытайлық халық өкілдері жиынының (ЖХӨЖ, парламент) депутаттары Си Цзиньпиньді үшінші бес жыл мерзімге ҚХР төрағасы қызметіне сайлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ЖХӨЖ депутаттары дауыс беру кезінде бірауыздан Си Цзиньпиньді қолдаған. Дауыс беру 14-шақырылым ЖХӨЖ бірінші сессиясының үшінші пленарлық отырысы кезінде өткен.

Си Цзиньпин Қытай тарихындағы үшінші мерзімге ел президенті болып сайланған алғашқы адам.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары болып Мемлекеттік кеңестің бірінші вице-премьері Хань Чжэн сайланды. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі Чжао Лэджи ҚХР Тұрақты комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама