Шимон Перес өлімінен кейін донор болды

Шимон Перес © REUTERS/Baz Ratner

2016 жылды? 28 ?ырк?йегіне ?ара?ан т?ні инсульттен ?аза тап?ан экс-президент ?лімінен кейін донор болды, - деп хабарлайды РИА Новости. ?айтыс бол?ан Шимон Пересті? д?рігері к?зіні? м?йізгек ?абы?ы трансплантация жасау?а м??таж нау?астар?а берілгенін хабарлады. Пересті? ?зі осындай тілек ?алдыр?ан екен.

2016 жылдың 28 қыркүйегіне қараған түні инсульттен қаза тапқан экс-президент өлімінен кейін донор болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Қайтыс болған Шимон Перестің дәрігері көзінің мүйізгек қабығы трансплантация жасауға мұқтаж науқастарға берілгенін хабарлады. Перестің өзі осындай тілек қалдырған екен.

Нобель сыйлығының лауреаты Шимон Перес 93 жасында қайтыс болды. "Шимон Перес бізді қинамай, ешқандай азап көрсетпей қалдырып кетті. Біздегі "Шиба" емханасының дәрігерлері оны құтқаруға барын салып, қолдан келгенін жасады", - деді оның дәрігері әрі күйеу баласы Рафи Вальдман.

"Израильде үкімет отырысы өтеді деп жоспарланып отыр. Отырыстан кейін арнайы комиссия өкілдері бұрынғы президентті жерлеу рәсіміне кіріседі", - деп хабарлады премьер-министр кеңсесіндегі Биньямина Нетаньяху. Жергілікті ақпарат құралдарының жерлеу рәсімі жұмада таңғы уақытта болады деп болжап отыр. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перестің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Шимон Перес Израильдегі маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарған еді. Ол бірнеше рет Израильдің Қорғаныс министрлігін басқарды, Қаржы министрлігін, СІМ, ІІМ және басқа да ведомстволарды басқарды. Перес 2007-2014 жылдары Израильдің президенті болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама