Синдзо Абэ қашан жерленетіні белгілі болды

Фото ©REUTERS

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің жерлеу рәсімі 12 шілдеде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kyodo баслымына сілтеме жасап.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің жерлеу рәсімі 12 шілдеде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kyodo баслымына сілтеме жасап.

Жерлеу рәсімі саясаткердің туған қаласы Симоносекиде (Ямагути префектурасы) өтеді.

Еске салайық, Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атқаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл 8 шілдеде жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер ауруханада қайтыс болды. Кейін шабуыл жасаған күдікті анықталды.

Реклама
Реклама

Жапонияның бұрынғы премьер-министрін өлтірген күдікті әрекетін түсіндірді

Синдзо Абэ 2006-2007 және 2012-2020 жылдары екі рет Жапонияның премьер-министрі қызметін атқарған.

2020 жылдың 28 тамызында денсаулығының нашарлауына байланысты премьер-министр қызметінен кететінін мәлімдеді. 

Айта кетейік, 2015 жылы Синдзо Абэ Қазақстанға келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама