Сингапурде жаңадан туған сәбиден коронавирусқа қарсы антидене анықталды

Селин Нг-Чан

Дәрігерлер Сингапурде босанған әйелдің баласынан коронавирусқа қарсы антидене анықталғанын айтты. Бұл туралы The Straits Times жергілікті басылымы хабарлады. 

Дәрігерлер Сингапурде босанған әйелдің баласынан коронавирусқа қарсы антидене анықталғанын айтты. Бұл туралы The Straits Times жергілікті басылымы хабарлады. 

Басылым мәліметінше, 31 жастағы Селин Нг-Чан жүкті кезінде коронавирус жұқтырған әйелдердің бірі. COVID-19 диагнозы жүктілігінің оныншы аптасында қойылған. Артынша 7 қарашада өмірге келген Нг-Чанның ұлынан коронавирусқа қарсы антидене анықталған. 

Селин Нг-Чанның сөзінше, өзінің SARS-CoV-2-ге қарсы антиденелері жойылып кеткен. Дәрігерлер сингапурлық әйелдің баласы Олдринде коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет қалыптасқанын айтады. 

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, Нг-Чанның ұлы антидене қалыптасып туған алғашқы бала. Алайда басылым жүктілігінің 36-аптасында коронавирус жұқтырған Наташа Линг есімді әйелдің барын айтады. Ол сәуір айының соңында босанған, алайда өмірге келген баласынан коронавирусқа қарсы антидене анықталмаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама