Сингапурлықтар пайдалы сыра ойлап тапты

Сингапурлықтар пайдалы сыра ойлап тапты © The Village

Сингапур ?алымдары пробиотиктер - токсин мен вирустарды жоятын ж?не иммунды ж?йені реттейтін микроб тектес заттар ?осу ар?ылы пайдалы сыра жасады, - деп хабарлайды ТАСС агенттігі Сигапурды? ?лтты? университетіні? ?кілі Кэролина Фон?а сілтеме жасап. 

Сингапур ғалымдары пробиотиктер - токсин мен вирустарды жоятын және иммунды жүйені реттейтін микроб тектес заттар қосу арқылы пайдалы сыра жасады, - деп хабарлайды ТАСС агенттігі Сигапурдың ұлттық университетінің өкілі Кэролина Фонға сілтеме жасап. 

"Пробиотиктердің адамға пайдалы екені баяғыдан белгілі, ферментацияға ұшыраған көптеген жемістерде пайдалы бактериялар болады. Бірақ ондай заттар сыра сияқты белгілі заттарға қосылмаған еді. Көп қиыншылықтар болды. Оның бастысы пробиотиктердің таралуын тоқтатып, оларды күйдіріп тастайтын құлмақ қышқылы", - дейді жоба авторларының бірі Элсини Чань. 

10 ай бойы жүргізілген тәжірибелер арқасында авторлар пробиотиктерді сақтау әдісін тапты. 

Реклама
Реклама

"Сүт қышқылының бактериясы пайдаланылды, ол сыра ашытқысындағы қант арқылы сақталып тұрады. Сондықтан сыраның дәмі ащы әрі ауыз қуырады, ал оның құрамындағы алкоголь 3,5 пайыз", - дейді Чань.

Авторлардың сөзінше, жаңа сыраның 100 миллиграмында 1 миллиард пробиотик бар екен. Ал пробиотиктер және пребиотиктердің халықаралық ғылыми ұйымы оларды дәл осы мөлшерді қабылдауға кеңес береді. 

Қазіргі кезде авторлар бұл сыраның рецептіне патент алу бойынша өтініштерін өткізіп қойған екен. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама