Сирия астанасында бірнеше жарылыс болды: 80-нен аса адам қаза тапты

Сирия астанасында бірнеше жарылыс болды: 80-нен аса адам қаза тапты © Тwitter.com/Conflicts

Сирия астанасында болған бірнеше жарылыстың салдарынан 80-нен аса адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Басылымның мәліметінше, жарылыс 21 ақпанда Дамаск қаласындағы Сеида Зейнаб кварталында болған. Дамаск полицейлерінің айтуынша, лаңкестер кемінде үш жарылыс жасады. "Жарылыстан 80-нен аса адам қаза тапты, 200-ден аса адам жарақат алды", - деді жергілікті полицейлер.

Жергілікті ақпарат құралдары Сирия астанасында болған жарылыстарды ДАИШ-тың мойнына алғанын хабарлады. Сонымен қатар, полицейлердің терактілерді ұйымдастырды деген күдікпен екі адамды ұстағаны белгілі болды.

Жарнама
Жарнама


© twitter.com/Conflicts

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама