Сирияда ДАИШ-ты басқарған Қазақстан тумасының көзі жойылды

© РИА Новости

Ресейді? ?уе-?арыш к?штері со??ы екі т?улікте Сирияда ДАИШ-ты? жеті командиріні?, сондай-а?, Евфрат айма?ында?ы ла?кестерді бас?ар?ан ?аза?стан тумасыны? к?зін жойды, - деп хабарлайды РИА Новости. Б?л туралы Ресейді? ?ор?аныс министрлігіні? ресми ?кілі Игорь Конашенков м?лімдеді.

Ресейдің әуе-ғарыш күштері соңғы екі тәулікте Сирияда ДАИШ-тың жеті командирінің, сондай-ақ, Евфрат аймағындағы лаңкестерді басқарған Қазақстан тумасының көзін жойды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков мәлімдеді.

"Жеті командирдің көзі жойылды, олардың ішінде Қазақстан тумасы Әбу Ислам әл-Казаки бар. Ол Евфрат аймағында ДАИШ лаңкестерін басқарып келген", - деді Игорь Конашенков.

Басылымның мәліметінше, екі тәулікте Евфраттың шығыс аймағында ДАИШ-тың 304 лаңкесінің көзі жойылып, 170-тен аса лаңкес жарақат алды. Сондай-ақ, Ресейдің әуе-ғарыш күштері жалдамалы шетелдік лаңкестердің жиналатын орталығын жойып жіберді. Ол орталықта Солтүстік Кавказдың шамамен 40 лаңкесі болған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама