Сирияның аэродромына жасалған зымыран соққысының видеосы жарияланды

Дина Муратова Редактор
© SANA

Желіде шамамен Израильдің Сирияның Хомс аймағында орналасқан Т4 әскери базасына зымыран соққыларын  жасағаны түсірілген делінген видеосы жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости

Желіде шамамен Израильдің Сирияның Хомс аймағында орналасқан Т4 әскери базасына зымыран соққыларын  жасағаны түсірілген делінген видеосы жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости

Видеоның кадрында өрттің және зымыранның жарылысы көрініп тұр. Сондай-ақ САНА агенттігі жариялаған роликте Сирияның әуе қорғаныс күштері осы шабуылға тойтарыс бергені хабарланды. 

Реклама
Реклама

Сирияның әскери дереккөздерінің хабарлауынша, зымыран жарылысынан бір адам қаза тапқан. Сонымен қатар екі адам зардап шеккен. Оған қоса аэродромның инфрақұрылымы қираған. Сондай-ақ Сирия әскерінің дереккөздері әуе қорғаныс күштері екі зымыранды жойғаны жайлы хабар берді. 

2018 жылы аталған аэродром Израиль тарапынан шабуылға ұшыраған. 

Айта кетейік, Израиль әскері Сирияның нысандарына бірнеше рет соққы жасаған. Израиль билігі соққы жасау арқылы Иран мемлекетінің күш құрылымдарының араб республиксында тұрақтануына тосқауыл қоямыз дейді. 

Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтың сөзінше, Израильдің зымыран соққылары заңсыз және негізсіз. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама