Сирия бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі Нұр-Сұлтанда өтеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша келіссөздердің он сегізінші раунды Нұр-Сұлтанда өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша келіссөздердің он сегізінші раунды Нұр-Сұлтанда өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"14-16 маусымда Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөздердің он сегізінші кезеңі өтеді. Біз барлық қатысушыларға шақыру жібердік. Барлық тараптың растауын күтіп отырмыз", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сириядағы соғысушы тараптар арасындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөздер үшін Нұр-Сұлтан алаңын берген болатын. 2017 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында астанада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша жеті халықаралық кездесу өтті.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама