07 сәуір 2017 | 20:06

Сирияда Шайрат әуебазасына жасалған шабуылдан кейінгі суреттер жарияланды

© РИА Новости

АҚШ-тың Жерорта теңізіндегі Ross және Porter екі әскери кемесі кемінде 59 "Томагавк" (ұшатын ракеталар)  ракеталарын Сирияның Хомс аймағындағы Шайрат аэродромына бағыттаған. Пентагонның пайымынша, Сирия әскері осы жерден рейдтер жүргізеді. РИА Новости шабуыл жасалған базаның эксклюзивті суреттерін жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Жерорта теңізіндегі Ross және Porter екі әскери кемесі кемінде 59 "Томагавк" (ұшатын ракеталар)  ракеталарын Сирияның Хомс аймағындағы Шайрат аэродромына бағыттаған. Пентагонның пайымынша, Сирия әскері осы жерден рейдтер жүргізеді. РИА Новости шабуыл жасалған базаның эксклюзивті суреттерін жариялады.

Америкалық тараптың мәліметі бойынша, әуе базасында ресейлік әскерилер де болуы мүмкін. Бұл АҚШ-тың Сирия әуе базасына жасалған ең ірі соққысы.

Реклама
Реклама

 

Шайрат әуе базасына жасалған соққыдан бейбіт тұрғындардың қаза болғаны жайлы Хомс аймағының губернаторы Талал Баррази жергілікті Маядин арнасына мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Алдын ала мәлімет бойынша, соққы салдарынан бес адам қаза болып, жеті адам жарақат алды", - дейді губернатор. Соққыдан кейін өрт басталған, бірақ зардап шеккендер туралы әлі нақты мәлімет жоқ. 

Сирия опозициясы сейсенбіде химиялық қарумен жасалған шабуылдан салдарынан Хан-Шейхун қаласында 80 адамның қаза тауып, 200 адамның жараланғанын мәлімдеген еді. Оппозиция бұл жағдайға қатысты үкімет әскерін айыптап отыр. Ал сириялық әскер басшылығы мұны жоққа шығарып, бұл шабуылды содырлар жасағанын мәлімдеген. 

Ал РФ президенті Валдимир Путин АҚШ-тың Сирияға жасаған соққылары Ресей мен Америка қарым-қатынасына зиянын тигізіп, терроризммен қарсы күрестің халықаралық коалициясын құруға бөгет деп есептейді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная