13 ақпан 2020 09:09

Сирияда соғысып жатқан америкалық сарбаздардың видеосы жарияланды

© REUTERS

Kurdistan24 және SANA агенттіктері Сирияның жергілікті тұрғындары мен америкалық сарбаздар арасындағы қақтығыстың видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kurdistan24 және SANA агенттіктері Сирияның жергілікті тұрғындары мен америкалық сарбаздар арасындағы қақтығыстың видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

SANA жариялаған видеодан қолына АҚШ туын бүктеп ұстаған жергілікті тұрғынның бірі америкалық үш сарбазбен ерегескенін көруге болады. 

Реклама
Реклама

Тағы бір видеода америкалық колонна оқиға орнынан кетіп жатыр, ал жергілікті тұрғындар болса оларға тас лақтырған. 

Осыған дейін 12 ақпанда Камышлы қаласының маңындағы блокпосттардың бірінде Сирияның үкіметтік әсері бағытынан адасқан америкалық сарбаздарды тоқтатқан. Осыдан кейін жерлікті және АҚШ әскерилері арасында жанжал шыққан. 

Бір уақытта америкалық сарбаздар оқ ата бастаған. Соның салдарынан 14 жастағы бала қаза тапты және бір адам зардап шекті. Ресейлік әскерилердің араласуымен жанжал тоқтатылды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram